Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Әскерге барасың ба? Барамын!
05.05.2021

Тәуелсіздік пен бейбітшілік – мемлекеттің дамуы мен өркендеуінің кепілі. Армия өмірдің осы екі маңызды факторының сақталуын қамтамасыз етеді. 2012 жылғы 4 қазанда Қазақстан Республикасының Парламенті «Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы» ережені қарады және қабылдады. Соған сәйкес 7 мамыр мемлекеттік мереке деп жарияланады. Бұл күні Қазақстанда Отан қорғаушы күні атап өтіледі. Көктемнің дәл осы күні, 1992 жылғы 7 мамырда Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің Қарулы күштерін құру туралы жарлыққа қол қойды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Отан қорғаушы күнін мерекелеу шеңберінде абонементтер бөлімі Құрылыс және индустриялық колледждердің оқушылары үшін көшпелі іс-шара өткізді, оған Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі, кадрлар және саптық бөлімшенің бастығы, капитан Валихан Галитович Мұқашев қатысты. Өз сөзінде спикер қазақстандық армияда қызмет ету қалай өтіп жатқаны, біздің қандай әскерлеріміз басым екендігі, сондай-ақ жігіттер мен қыздардың әскери білім алуы туралы айтып берді. Іс-шараға келушілер үшін кітап көрмесі ұйымдастырылды, онда Қазақстанның Қарулы күштері туралы, армия тарихы, әскери жарғылар, әскери техника энциклопедиялары, атақты қолбасшылар және т.б. туралы әдебиеттер қойылды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus