Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Халықаралық оқырмандар марафоны
07.04.2021

Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуына қолдау көрсету жылы аясында 6 сәуірде өлкетану әдебиеттері бөлімінің әдеби-ақпараттық секторының кітапханашысы Татьяна Тихомирова мен филология ғылымдарының магистрі, Тюмень қ. ақыны Светлана Глебованың ұйымдастыруымен Халықаралық оқырмандар марафоны басталды. Тікелей эфирде шараны ұйымдастырушылар қатысушыларға оқуға ұсынылатын 4 шығарманы атады. Алдағы аптада марафонға қатысушылар талдайтын алғашқы шығарма Пауло Коэльоның романы – «Алхимик» әлемдік бестселлері болмақ. Қатысушылар оны оқуды бастап кетті. Талқылауға сарапшылар: педагогтар, филологтар, жазушылар тартылады.

Жоба бірден бірнеше мақсатты көздейді: бұл жасөспірімдердің кітап оқуға деген қызығушылығына қолдау көрсету, екі елдің әдеби және мәдени тәжірибесімен алмасу, кітап оқуға қатысты мәселелердің спектрін белгілеу, сондай-ақ оларды шешудің жолдарын қарастыру. Марафон 4 аптаға созылады. Оның қорытындысы «Кітаптан алған әсерім» атты үздік эссе байқауы болмақ. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus