Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Махаббат еш нәрсемен өлшенбейді»
05.04.2021

Құрметті оқырмандар! Абонементтер бөлімі назарларыңызға Қазақстандағы ғашықтар күні – «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» күніне арналған «Махаббат еш нәрсемен өлшенбейді» атты кітап көрмесін ұсынады. Мереке алғаш рет 2011 жылдың 15 сәуірінде аталып өтілді.

Көрме қазақ халқының «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» эпосының кейіпкерлеріне арналған. Көрменің көрнекті жеріне махаббат пен адалдықтың символына айналған Қозы Көрпеш-Баян Сұлу, Қыз Жібек пен Төлеген, Еңлік-Кебек, Ләйлі-Мәжнүн, Қалқаман-Мамыр жайындағы аңыздармен танысуға мүмкіндік беретін кітаптар қойылған.

Оқырмандар назарына махаббат туралы романдар, өлеңдер, аңыздар, поэмалар: И. Әймен «Мәңгілік менің махаббатым», Ж. Қыдыров «Мың бір күн», Д. Мәлік «Гүл қауызындағы хаттар», Ш. Бейсенова «Бір махаббат баяны», Г. Ниетқалиева «Жүректегі жанартау», сондай-ақ орыс және әлемдік классиктердің шығармалары: М. Цветаева «Мне нравится, что вы больны не мной», Ш. Бронте «Джэн Эйр», Ж. Бедье «Тристан и Изольда», Р.  Гюнтекин «Королек птичка певчая», У. Шекспир   «Ромео и Джульетта» қойылған. Бұлар ғашықтардың шынайы, өзара және шын жүректен шыққан сүйіспеншілігін баяндайтын ғасырлық өнер жауһарлары.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus