Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ұлтқа мақтаныш, ұрпаққа ұлағат»
03.09.2020

Абонементтер бөлімінде қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына арналған көрме-мемориал жұмысын жалғастыруда.

Қазіргі кезде қазақтың ұлы ақынының шығармашылығы Қазақстаннан тыс жерлерге кеңінен танымал. Абайдың бай мұрасы жалпы адамзатқа ортақ құндылықтар қатарына енді.

Көрмеге ақынның өмірі мен шығармашылығы жайындағы кітаптар қойылған. Абай   бізге бай мұра қалдырды. Көрменің ең көрікті жеріне адамзаттың керемет ескерткішіне айналған «Қара сөздер», «Қайран тіл, қайран сөз» және «Адам деген даңқым бар» шығармалар жинағы, «Двадцать стихотворений на трех языках» және «Шығармалар жинағы»  кітаптары және т.б. шығармалар қойылған.

Араларында «Слово об Абае» жинағы, А. Машановтың «Әл-Фараби жөне Абай», Н. Анастастасьевтің «Абай», З. Ахметовтың «Абай и Лермонтов» эссе кітабы, «Абай. Пушкин» жинағы және т. б. бар әдебиетші ғалымдардың кітаптары да ерекше қызығушылық тудырады.

Әлем таныған қазақ әдебиетінің классигі М.Әуезовтың «Абай жолы» да көрмеден лайықты орын алған.

Барлық тілек білдірушілерді жыл соңына дейін жұмыс істейтін көрмені тамашалауға шақырамыз.

Бейнешолуды қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіз: https://www.youtube.com/watch?v=0GqUnGhq_jk&t=143s

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus