Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Есімдер. Оқиғалар. Күндер» көрме-хроникасы
03.11.2014
2014 жылдың 3 қарашасынан бастап кітапханада облыстағы кітапхана ісінің 120 жылдығы мен облыстық кітапханаға Лев Толстой есімінің берілгеніне 65 жыл толуына арналған Онкүндік аясында кітапхананың құрылу тарихы мен оның дамуына арналған көрме жұмыс істеуде. Көрмеге сирек кездесетін мұрағат материалдары қойылған. Оқырман 1892 жылы ашылған Халықтық кітап оқу үйінің 1937 жылы кітапханаға Облыстық мәртебе берілгенге дейінгі жолын көре алады. Сондай-ақ көрмеден 1937 жылғы «Қостанай облыстық кітапхананың ұйымдастырылған сәтінен бергі есебін», кітапханаға Л.Н.Толстой есімін беру туралы өтініш пен шешімді, КАА жұмысы жайындағы ақпаратты, 1955 жылғы абонементке сырттай қабылдау туралы сұранысты, «Қазақ КСР мемлекеттік кітапханаларын орталықтандырудың барысы туралы қаулысын» және Қостанай облысындағы кітапхана ісінің дамуы жайындағы көптеген маңызды ақпараттарды табуға болады. Солардың ішінде майданнан кітапханаға жолданған хаттардың көшірмелері құнды құжаттардың бірі болып табылады, мұндай хаттардың бірінде жауынгер Пинчук 1943 жылы директор А.П.Вертинскаядан өзіне және басқа жауынгерлерге қажетті әдебиетті жіберуін сұрайды және соғыс жайындағы ойларымен бөліседі. Көрмеге кітапхананың 1938 жылдан біздің кезімізге дейінгі өмірін көруге болатын фотосуреттер қойылған. Олардан кітапхананың құрылуы мен дамуының барлық кезеңдерін: кітапхананың бұрынғы және жаңа ғимаратын, директорлардың жұмыстары мен олардың кітапхана саласына қосқан үлестерін, ОӘҒК қазіргі таңдағы жұмыстары мен міндеттерін көруге болады. Тек осы Онкүндік аясында ғана кез келген азамат Облыстық кітапханаға тиесілі өте сирек кездесетін мұрағат құжаттарын көре алады.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus