Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Тәуелсіз Қазақстан: еркіндік пен даму жолы»
24.11.2026
24 қарашада Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 35 жылдығына орайластырылған «Тәуелсіз Қазақстан: еркіндік пен даму жолы» атты ашық пікірталас өтті.
Кездесуде арнайы шақырылған сарапшылар – Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы («Тарих» пәні), педагог-модератор Ф. А. Кенжесариева және Қостанай қаласының №15 жалпы білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі С. Е. Сәкенов сөз сөйледі.
Өз баяндамаларында спикерлер егемен мемлекеттің қалыптасуының негізгі кезеңдері, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени салалардағы маңызды жетістіктері туралы айтып беріп, тарихи жадыны сақтау мен ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығына ерекше назар аударды.
Кездесу сындарлы диалог форматында өтті. Оқырмандар мен шақырылған қонақтар өзара пікір алмасып, тарихи оқиғаларға қатысты жеке көзқарастарын білдірді және Қазақстан Республикасының қазіргі дамуындағы өзекті бағыттарды талқылады.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus