Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Гендерлік теңдік – дамыған қоғамның кепілі»
23.11.2026

               Әмбебап оқу залында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл» халықаралық науқаны аясында «Гендерлік теңдік – дамыған қоғамның кепілі» атты жыл бойы жұмыс істейтін кітап көрмесі өз жұмысын жалғастыруда. Көрме гендерлік теңдік стратегиясына, сондай-ақ әйелдер мен ерлердің өмірдің барлық салаларында тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған.

Көрме жаңа әрі өзекті материалдармен толықтырылды. Жаңартылған экспозицияда төмендегідей тақырыптарды қамтитын әдебиеттер ұсынылған:

• гендерлік теңдік стратегиясына арналған ғылыми және сараптамалық еңбектер;

• адам құқықтары, тең мүмкіндіктер және әлеуметтік қорғау мәселелеріне арналған басылымдар;

• әйелдер көшбасшылығы, олардың саяси және қоғамдық өмірге қатысуы туралы кітаптар;

• өзекті тақырыптарды қозғайтын мерзімді басылымдардан алынған мақалалар;

• кемсітушілік мәселелері мен оны жеңу жолдарына арналған зерттеулер.

          Кітап көрмесі студенттерге, оқытушыларға, зерттеушілерге және қоғамдағы тең құқық пен тұрақты даму мәселелеріне қызығушылық танытатын барша оқырманға арналған. Баршаңызды кітап көрмесін тамашалап, жаңа түскен әдебиеттермен танысуға шақырамыз! 



Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus