Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Әлем біреу – мүмкіндіктер әртүрлі»
18.11.2026
18 қарашада Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қостанай гуманитарлық колледжінде жастардың инклюзивті мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Әлем біреу – мүмкіндіктер әртүрлі» атты пікірталас өткізді.
Интерактивті диалог барысында қатысушылар инклюзияның негізгі қағидаттарын қарастырып, тұрғын жайларда, қоғамдық орындарда және коммуникативтік кеңістікте кедергісіз орта құру қажеттілігіне назар аударды. Практикалық жағдайларды талдау студенттерге күнделікті өмірге ерекше білім беру және әлеуметтік қажеттіліктері бар адамдар тұрғысынан қарауға, сондай-ақ күнделікті кездесетін кедергілерді тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Кездесудің әдістемелік және көрнекілік тұрғыдағы сүйемелдеуін тақырыптық бейнеролик пен безендірілмелі кітап көрмесі қамтамасыз етті. Көрмеге инклюзия, тұлғааралық қарым-қатынас психологиясы мәселелеріне арналған ғылыми және ғылыми-көпшілік әдебиеттер, сондай-ақ өмірлік қиындықтарды еңсеру мен адам рухының күшін дәріптейтін өмірбаяндық басылымдар мен көркем әдебиеттер қойылды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus