Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Кітап оқу марафонынан «Зерделі ұлт» тұжырымдамасына дейін
16.11.2026
Түркістанда облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында «Кітап оқитын ұлт: оқу мәдениетін дамыту жолдары» атты республикалық семинар өтті. Іс-шара мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және кітап оқитын ұлтты қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.
Кәсіби алаң мемлекеттік орган өкілдерінің, еліміздің түкпір-түкпірінен келген кітапхана мамандарының, жазушылардың, баспагерлер мен журналистердің басын қосты. Қостанай облысының атынан «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонының менеджерлері Гүлжан Байзирова мен Ботагөз Дүйсембаева (Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК), сондай-ақ Зоя Кенжеғарина (Ы. Алтынсарин атындағы ОБЖК) қатысты.
Қатысушылар саланың өзекті міндеттерін: оқырман аудиториясын кеңейту, кітапханаларды цифрлық жаңғырту, отандық кітап шығаруды қолдау және ұлттық әдебиетті дәріптеу мәселелерін талқылады. Кітапхана инфрақұрылымын жүйелі жаңартуға және қазақстандық авторларды қолдауға бағытталған «Кітап оқитын ұлт» марафонының қорытындыларына және 2027–2031 жылдарға арналған «Зерделі ұлт» тұжырымдамасының жобасына ерекше назар аударылды.
Семинар өңірлік тәжірибелермен алмасу және кітапханааралық өзара іс-қимылды нығайту үшін тиімді алаңға айналды.
#ЗерделіҰлт #КітапОқитынҰлт #kostanay #kst
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus