Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қасым мұрасы – көркем сөздің қазынасы»
13.11.2026
13 қараша күні Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қазақ ақыны әрі аудармашысы, жерлесіміз Қасым Тоғызақовтың шығармашылық мұрасына арналған «Қасым мұрасы – көркем сөздің қазынасы» атты көркемсөз байқауы өтті.
Іс-шараға Қостанай қаласының мектеп оқушылары мен студенттері қатысты. Құрметті қонақ ретінде ақынның ұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер Ерболат Тоғызақов қатысты. Байқаудың бастамашысы Ақсұлу Бекболатова болды. Сондай-ақ қонақтардың қатарында Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын зерттеуші, педагог әрі журналист Ибраһим Ағытайұлы болды.
Байқау екі кезеңнен тұрды. «Жыр жауһары» атты бірінші кезеңде қатысушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыса, екінші кезеңде «Сібір Омар» дастанының мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді.
Қазылар алқасы қатысушылардың шығарманы мәнерлеп оқу шеберлігін, авторлық идеяны түсіну деңгейін және сахна мәдениетін бағалады. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен арнайы номинация иегерлері анықталды.
Аталған іс-шара өңірдің мәдени өміріндегі маңызды оқиғалардың біріне айналып, қазақ әдебиетін кеңінен насихаттауға, жерлестеріміздің әдеби мұрасын сақтауға және жас ұрпақты көркем сөз өнерінің бай қазынасымен сусындатуға ықпал етті.
#ЗерделіҰлт #КітапОқитынҰлт #kostanay #kst
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus