Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қазіргі құл саудасының белгісіз тұстары»
11.11.2026
11 қараша күні Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Қазіргі құл саудасының белгісіз тұстары» тақырыбында әңгіме сағаты өтті.
Іс-шараның спикері Қостанай облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі, полиция капитаны Б. Д. Жаңбыршинов болды. Ол адам саудасының алдын алу, осындай қылмыстар үшін көзделген қылмыстық жауапкершілік және азаматтардың сақтық пен қырағылық танытуының маңыздылығы туралы айтып берді.
«Тіршілік нұры» ҚҚ-ның өкілдері студенттерге айла-шарғылар мен жұмысқа орналасуға қатысты жалған ұсыныстарды қалай ажыратуға болатынын, еңбек қанауының құрбаны болудан қалай сақтану керектігін, сондай-ақ адам саудасына ұшырау қаупі туындаған жағдайда құқықтық және психологиялық көмекке қалай жүгінуге болатынын түсіндірді.
Қатысушылар назарына адам құқықтарын қорғау және құқық бұзушылықтардың алдын алу тақырыптарына арналған бейнеролик ұсынылып, тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды.
#Заң_мен_тәртіп
#Закон_и_порядок
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus