Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Қостанайдан Токиоға дейін: Абылай Маудановтың «Дайдидау» жинағы халықаралық мәдени алаңында
06.11.2026
2026 жылдың 5 қарашасында Токиода Тюо ауданының ЮНЕСКО қауымдастығы ұйымдастырған және Жапонияның ЮНЕСКО-ға кіруінің 75 жылдығына арналған іс-шара өтті. Кездесу Қазақстан тарихына, оның қазіргі кездегі дамуына және екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға арналды.
Іс-шараның маңызды оқиғаларының бірі жерлесіміз және әріптесіміз, ақын Абылай Маудановтың «Дайдидау» жинағының таныстырылымы болды.
Қостанай авторының қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде жарық көрген туындысы шетелдік аудиторияға қазақ әдебиеті мен рухани мұрасының байлығын көрсетеді.
«Дайдидаудың» Жапониядағы таныстырылымы Қостанай облысының әдеби қоғамдастығы үшін маңызды оқиға және отандық әдебиетті халықаралық деңгейде ілгерілетудегі тағы бір қадам болды.
Абылай Маудановты осы айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа шығармашылық жетістіктерге, сарқылмас шабыт пен оқырман қауымының зор ықыласына бөленуіне тілектеспіз! Ал «Дайдидау» жинағы әлемнің әр түкпіріндегі оқырмандардың жүрегінен орын алып, кеңінен таныла берсін!
#ЗерделіҰлт, #КітапОқитынҰлт, #kostanay, #kst
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus