Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Кедергісі жоқ кеңес»
06.11.2026
Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінде (Рудный қ. филиал) «Ақ таяқ» айлығы аясында «Кедергісі жоқ кеңес» атты психологиялық сағат өтті.
Кездесуге Рудный қалалық емханасының психологы Лариса Сергеевна Васкеева шақырылды. Кездесу барысында эмоционалдық саулықтың, өзара түсіністік пен қолдаудың маңыздылығы сөз болды. Психолог эмоционалдық күйзелісті жеңілдетуге, жағымды көңіл күй қалыптастыруға және өзіне деген сенімділікті арттыруға бағытталған қарапайым практикалық жаттығулар ұсынды. Қатысушылар әңгімеге белсене араласып, өз ойларымен және өз бастарынан өткен оқиғалармен бөлісті, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды.
Кездесу ашық пікір алмасуға, пайдалы ұсыныстар алуға және эмоционалдық қолдауға мүмкіндік берді. Әрбір қатысушы өз ойын еркін жеткізіп, пікірінің тыңдалатынына сенімді болған өзара сенімге негізделген атмосфера кездесудің ерекше құндылығы болды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus