Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Кітапханаға бағалы сыйлық – болашақ ұрпақ үшін баға жетпес мұра»
06.11.2026
Кітапханамыздың қоры құнды басылымдармен толықты. Кітаптарды белгілі тарихшы және этнограф Құрбанғали Халидидің (1846–1913) шөбересі Сафария Теңізбаева табыс етті.
Алынған еңбектердің қатарында «Тауарих-и хамса-и шарқи» атты бес томдық жинақ және «Құрбанғали Халидұлы: дерек, тарих, таным» атты ғылыми жинақ бар.
Ғалымның мұрасын жаңаша зерделеп, қайта дайындау жұмыстарын беделді зерттеушілер тобы – М. Шафиғи, Т. Жұртбай, Д. Махат, Т. Қайыркен және олардың әріптестері жүзеге асырды. Олардың қажырлы еңбегінің арқасында Халидидің ғылыми еңбектері қазіргі оқырманға қолжетімді бола түсті.
Тарихқа деген жанашыр көзқарасы мен жомарттығы үшін Сафария Теңізбаеваға шынайы алғысымызды білдіреміз! Бұл кітаптар оқырмандарымызға Орталық Азияның өткен тарихының тың беттерін ашатын болады.
#ЗерделіҰлт, #КітапОқитынҰлт, #kostanay, #kst
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus