Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Ыбырай Алтынсарин мұрасы: ағартушылық идеялардан заманауи медиаформаттарға дейін
29.10.2026

Ыбырай Алтынсарин мұрасын қазіргі оқырманға қалай жақындатуға болады? Бұл мәселе Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «IbrayConnect» республикалық гибридті өңіраралық сессиясында жасаған баяндамасына арқау болды.

Кездесу 29 қазанда Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында өтті және ағартушының 185 жылдығына арналды. Іс-шара Қостанай және Түркістан облыстарынан, Астана қаласынан және Ресейдің Орынбор қаласынан келген зерттеушілерді, кітапхана мамандары мен жастарды біріктірді.

Кітапханамыздың «Ағартушылық мұрадан заманауи медиаформаттарға дейін: өңір кітапханаларында Ыбырай Алтынсарин мұрасын жаңғырту» атты баяндамасында Қостанай облысының кітапханалары жұмыстың жаңа нысандары мен цифрлық ортаның мүмкіндіктерін пайдалана отырып қазіргі оқырманға ағартушының еңбектерін қалай таныстыратыны және оның идеяларын түсінуге қалай көмектесетіні көрсетілді.

Қатысушылар Алтынсариннің өмірі туралы жаңа мәліметтерді, оның әдеби және педагогикалық мұрасын, сондай-ақ өзекті кітапханалық тәжірибелер мен ағартушының цифрлық кеңістікке шығарылған еңбектерін талқылады.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus