Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Қазақ халқының қаһармандары» | 14.10.2026 | Кітапханамызда жарқын әрі есте қаларлық оқиға орын алды – Ақтау қаласынан келген көшпенді суретшілер, ERMAC шығармашылық тобының өкілдері Инна Ермакова мен Әсел Мырзағалиева көрмесінің салтанатты таныстырылымы өтті. Кітапханада екі күн бойы жұмыс істейтін көрме заманауи өнерді, ұлттық дәстүрлерді және Қазақстан тарихын бір жерге тоғыстырады. Көрмеге авторлық этностильде аралас техникамен орындалған 12 бірлескен туынды қойылған. Табиғи және жасанды материалдар: тастар, әшекей бұйымдар және күміс қолданылған бұл жұмыстар барельефтің, кескіндеменің және сәндік элементтердің керемет үйлесімі болып табылады. Ультракүлгін сәуленің әсерінен жарық шашатын флуоресцентті бояулар қолданылған кескіндемелік туындылар ерекше назар аудартады. Олар көрмеге өзгеше атмосфера сыйлап, өнер туындыларын жаңа қырынан танытып, көрерменге ерекше әсер қалдырады. Көрменің төрінен орын алған басты туынды – кенепке салынған «Қазақ халқының қаһармандары» атты ауқымды тарихи картина. Онда Қазақстанның тарихына, мәдениетіне және дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті тұлғалар мен ұлы адамдардың 100 портреті бейнеленген. Тұлғалар галереясы ежелгі заманнан (Алтын адам дәуірінен) бастап бүгінгі күнге дейінгі еліміздің тарихи жолын қамтиды. Бұл есімдері мен жетістіктері ұлттық жадымыздың және Қазақстанның мәдени мұрасының ажырамас бөлігіне айналған тұлғаларға арналған тағзым болып табылады. Осы оқиғаның қуанышты сәтін бөлісіп, әріптестерін құттықтау және қолдау көрсету үшін қаламыздың суретшілері мен қолөнер шеберлері жиналды. Олар іс-шараға ерекше жылылық пен шабытқа толы шығармашылық атмосфера сыйлады. | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|