Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Сайлау мәдениеті: құқық, таңдау, жауапкершілік»
12.10.2026
Абонементтер бөлімінде құқық бұзушылықтың алдын алу шеңберінде «Сайлау мәдениеті: құқық, таңдау, жауапкершілік» атты тақырыптық кітап сөресі жұмыс істей бастады.
Көрме Қазақстан Республикасындағы азаматтық белсенділік, құқықтық сауаттылық және сайлау мәдениеті мәселелеріне арналған. Көрмеге сайлау құқығының негіздері мен демократиялық құндылықтарды қамтитын кітаптар, нормативтік құқықтық актілер және ақпараттық материалдар қойылған.
Көрме оқырмандарды азаматтардың конституциялық құқықтарымен, сайлауды өткізудің негізгі қағидаттарымен және әрбір адамның елдің қоғамдық өміріне қатысуының маңыздылығымен таныстырады. Жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және құқықтық мәдениетін арттыруға ерекше көңіл бөлінген. Көрмеге қойылған басылымдар сайлаудың демократияның маңызды институттарының бірі ретіндегі рөлін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Баршаңызды 12–26 қазан аралығында жұмыс істейтін көрмені тамашалауға шақырамыз.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus