Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қаламы өткір, ойы терең қаламгер»
05.10.2026
Абонементтер бөлімінде жазушы, драматург, аудармашы және қоғам қайраткері Роллан Шәкенұлы Сейсенбаевтың 80 жылдығына орай «Қаламы өткір, ойы терең қаламгер» атты кітап көрмесі жұмыс істей бастады.
Көрмеде автордың төрт томдық шығармалар жинағы, романдары, повестері, пьесалары, эсселері мен аудармалары: «Қазақ елі немесе Дербестік пен Даралық үшін Жанталас», «Тектілер туралы реквием», «Заблудившийся крик», «Лестница в никуда», «Трон сатаны», «Три романах», сондай-ақ «Тоска по отцу, или День, когда рухнул мир» және «Дни декабря» секілді әңгімелер жинағы қойылған.
Көрмені жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мақалалары бар А. Кемелбаеваның «Сөз хикметі» және Т. Жұртбайдың «Бейнет сусыны» кітаптары толықтырған. Көрме оқырмандарды Роллан Сейсенбаевтың бай әдеби мұрасымен және оның қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесімен таныстырады.
Барлық ниет білдірушілерді көрмені көруге шақырамыз! Көрме 5 қазаннан бастап жұмыс істейді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus