Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Жабаевтың поэтикалық әлемі»
11.09.2026
Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінде (Рудный қ. филиалы) «Kitap Time – 2026» республикалық кітап фестивалі аясында қазақтың әйгілі айтыскер ақыны Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына арналған «Жамбылдың поэтикалық әлемі» атты әдеби қонақжай өтті.
Игі шараның құрметті қонағы болып оқытушы әрі өлкетанушы Жүсіпов Махмед Әбдірахманұлы қатысты. Ол қатысушыларға халық ақынының өмір жолы мен шығармашылық мұрасы туралы айтып беріп, оның туындыларының қазақ әдебиеті мен мәдениеті тарихындағы маңызын ашып көрсетті. Отанға деген сүйіспеншілікті, халық даналығын, рухани құндылықтар мен Қазақстанның ерлікке толы өткен дәуірін дәріптейтін өлеңдерге ерекше назар аударылды.
Әдеби қонақжайдың жылы әрі шынайы атмосферасында Жамбыл Жабаевтың қазақ және орыс тілдеріндегі шығармалары оқылды. Қатысушылар өлең жолдарын үлкен ықыласпен тыңдап, алған әсерлерімен бөлісті, ұлы ақын шығармашылығының сарқылмас құндылығы мен оның ұлттық мәдени мұраны сақтаудағы рөлі туралы ойларын ортаға салды. Іс-шара Қазақстанның бай әдеби мұрасымен жақынырақ танысып, қазақ поэзиясының ең көрнекті өкілдерінің бірінің рухани әлемін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus