Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Өлді деуге бола ма, өлмес өлең жазғанды» | 07.08.2026 | Құрметті оқырмандар, Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК өлкетану әдебиеттері бөлімі назарларыңызға ақын, Қазақстанның халық жазушысы, аудармашы Мәриям Хакімжанованың туғанына 120 жыл толуына арналған «Өлді деуге бола ма, өлмес өлең жазғанды» виртуалды акциясын ұсынады. Мариям Хәкімжанова қазіргі Алтынсарин ауданының Мезгіл ауылында дүниеге келген. Ол көптеген жыр жинақтарының авторы. Солардың ішінде Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың ерлігіне арналған «Мәншүк» поэмасы (1945 ж.) ерекше орын алады. Мариям Хәкімжанованың поэзиясы терең отансүйгіштік рухымен ерекшеленеді. Оның шығармаларынан шуақты сезім, мейірім мен жан жылуы айқын сезіледі. Ақын шығармашылығы – туған халқына арналған шынайы лирикалық сыр, ол соғыс жылдарының ауыр кезеңін де, бейбіт еңбектің жарқын дәуірін де шынайы бейнелейді. Назарларыңызға Мариям Хәкімжанованың «Орамал» атты өлеңінің Алиса Мацаринаның орындауындағы бейнежазбасын ұсынамыз. Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/shorts/VgXEo7uM-4o | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|