Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Өлді деуге бола ма, өлмес өлең жазғанды» | 01.07.2026 | Құрметті оқырмандар, Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК өлкетану әдебиеттері бөлімі назарларыңызға ақын, Қазақстанның халық жазушысы, аудармашы Мәриям Хакімжанованың туғанына 120 жыл толуына арналған «Өлді деуге бола ма, өлмес өлең жазғанды» виртуалды акциясын ұсынады. Мәриям Хакімжанова қазақ поэзиясында аналық мейірім мен елге деген сүйіспеншілікті терең жырлаған көрнекті ақындардың бірі. Оның шығармашылығында Отанға, туған жерге, ұрпақ тәрбиесіне арналған туындылар ерекше орын алады. Солардың бірі «Менің ұлдарым» өлеңі. Бұл шығармада ақын елдің ертеңі болатын жас ұрпаққа деген зор сенімін, олардың білімді, еңбекқор, отаншыл азамат болып қалыптасуын арман етеді. Өлең жас буынды туған елін сүюге, адалдық пен жауапкершілікке, ел игілігі үшін аянбай қызмет етуге үндейді. Назарларыңызға Серікова Әсел оқыған Мәриям Хакімжанованың «Менің ұлдарым» өлеңінің бейнежазбасын ұсынамыз. Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/shorts/WppVXGCNvdY | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|