Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Еңселі Елорда, асқақтаған Астана»
15.06.2026
15 маусымда Әмбебап оқу залында Қазақстан Республикасының елордасы – Астана күніне арналған «Еңселі Елорда, асқақтаған Астана» көрме-қарауы дайындалды.
Көрме оқырмандарды еліміздің басты қаласының қалыптасу және қарқынды даму тарихымен таныстырады, елорданы көшіру сәтінен бастап оның сәулеттік және мәдени гүлденуінің қазіргі кезеңіне дейінгі басты оқиғалары туралы әңгімелейді. Ұсынылған әдебиеттер тәуелсіз Қазақстанның астанасын қалыптастырудың айтулы кезеңдерін, сондай-ақ оның мемлекеттің саяси, экономикалық және қоғамдық өміріндегі маңызды рөлін көрсетеді.
Көрмеде елімізге белгілі фотограф Шүкір Шахайдың «Астана – Қазақстанның жүрегі» және «Астана үшін мың тағзым!» фотоальбомдары ерекше орын алады, онда автордың объективі арқылы қазіргі Астананың ерекше атмосферасы мен сұлулығы көрініс тапқан.
Сондай-ақ келушілердің назарына қаланың қалыптасуының тарихи аспектілерін және оның елдің дамуындағы маңызын ашатын Зиябек Қабылдиновтың «Астана: прошлое и настоящее» монографиясы ұсынылған.
Көрме елорданың тарихы мен қазіргі өмірін білгісі келетіндер үшін танымдық алаңға айналады, оның тәуелсіз Қазақстанның өміріндегі маңызы мен рөлі туралы білімдерін кеңейтеді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus