Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Есірткі – апатқа апарар есік»
09.06.2026
09 маусымда Қостанай жоғары педагогикалық колледжінде Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қатысуымен Халықаралық есірткі заттарын тұтыну және олардың заңсыз айналымына қарсы күрес күніне арналған «Есірткі – апатқа апарар есік» атты ақпарат сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері студенттерге өткінші ләззат алу үшін өз денсаулығы мен болашағына қауіп төндірудің қаншалықты қажеттігі туралы ойлануды ұсынды. Спикер, «Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығы» КМК-ның дәрігер-наркологы Шалқар Темірбек Күмісбекұлы есірткі заттарының адам ағзасына, психикалық жай-күйіне және әлеуметтік өміріне жойқын әсері туралы айтып беріп, саламатты өмір салтын саналы түрде таңдау мен жүргізудің маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара есірткіге тәуелділіктің салдары, оның адам тағдырына әсері және жастар арасында жаман әдеттердің алдын алу қажеттілігі жайындағы ақпараттық бейнероликпен аяқталды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus