Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Интерактивті тренинг
26.05.2026
26 мамырда Қостанай облысы жас кітапханашыларының V жиыны аясында «Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ базасында «Кітапхана және жасанды интеллект: жаңа мүмкіндіктер практикумы» атты интерактивті тренинг өтті.
Тренинг спикері – Нұржан Нұрланұлы Жолдыбалинов, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы (Астана қаласы) ақпараттық технологиялар жөніндегі директордың орынбасары.
Тренинг барысында қатысушылар жасанды интеллекттің заманауи құралдарымен танысып, оларды кітапхана жұмысында қолдану мүмкіндіктерін қарастырды. Практикалық бөлімде ұсынылған құралдарды өздері қолданып көріп, олардың кәсіби міндеттерді шешудегі тиімділігін бағалады.
Тренинг қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Аталған іс-шара кітапхана мамандарының цифрлық біліктіліктерін дамытуға және кітапхана тәжірибесіне заманауи технологияларды енгізуге бағытталған маңызды қадам болды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus