Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Қостанай облысы жас кітапханашыларының V жиыны
25.05.2026
2026 жылдың 25 мамырында Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Ұрпақтар диалогы: жаңа мақсаттар дәуіріндегі кітапхана» атты Қостанай облысы жас кітапханашыларының V жиыны өтті.
Аймақтағы жас кітапхана мамандарының басын қосып, кәсіби байланыс орнатуға мүмкіндік берген мерейтойлық кездесу өзара тәжірибе алмасуға ықпал етіп, кітапхана ісін дамытудың өзекті бағыттарын талқылайтын алаңға айналды.
Бағдарлама клиптік ойлаудың кітап оқуға әсері, кітапты насихаттаудың заманауи форматтары және пайдаланушыларды тартудың жаңа тәсілдеріне арналды. Жиын барысында қатысушылар өзекті кәсіби тәжірибелермен танысып, білім беру сессияларына қатысты және қазіргі кездің кітапханалары үшін тиімді құралдарды талқылады.
Жиын қорытындысы бойынша жас кітапханашыларға сертификаттар табысталып, кәсіби тәжірибе алмасты, ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын анықтады. Жиын өңірдің жас мамандарының кәсіби дамуға, инновацияларды енгізуге және қазіргі қоғамдағы кітапханалардың рөлін нығайтуға деген ұмтылысын растады.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus