Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Журналист – ізденістің адамы»
21.05.2026
20 мамырда Өлкетану әдебиеттері бөлімінде белгілі журналист, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі Оразалы Отынбайұлы Жақсановтың 70 жылдық мерейтойына арналған мазмұнды шығармашылық кеш өтті.
Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, оқырмандар мен студенттер қатысты. Кеш барысында мерейтой иесінің журналистиканың дамуына қосқан елеулі үлесі және оның шығармашылық жолы кеңінен атап өтілді. Оразалы Отынбайұлының өмірі, еңбектегі жетістіктері және публицистикалық жұмыстары туралы мазмұнды баяндамалар ұсынылды. Іс-шара аясында кітап көрмесі ұйымдастырылып, онда қонақтардың назарына автордың еңбектері мен ол туралы жазылған мақалалар ұсынылды.
Кеш соңында мерейтой иесіне құрмет көрсетіліп, естелік сыйлықтар табыс етілді. Бұл маңызды кездесу жас ұрпақ үшін үлгі болды және ұлттық журналистиканың дамуына үлес қосқан тұлғаны дәріптеуге бағытталды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus