Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| Компьютер әліппесі | 14.05.2026 | Әмбебап оқу залында компьютерде жұмыс істеуді енді үйреніп жүргендерге компьютерлік сауаттылықты оқытуға бағытталған «Компьютер әліппесі» білім беру жобасы өз жұмысын жалғастыруда. Жоба барлық жастағы азаматтарға арналған және заманауи цифрлық технологияларды игеруге көмектеседі. Курс аясында қатысушылар компьютерде жұмыс істеудің негізгі дағдыларын үйренеді, Microsoft Word, PowerPoint және Excel бағдарламаларымен танысады, WhatsApp қосымшасын пайдалануды меңгереді, YouTube бейнехостингінен материалдарды жүктеуді, Интернетті, әлеуметтік желілерді сенімді пайдалануды үйренеді, сондай-ақ жасанды интеллекттің мүмкіндіктерімен танысады және күнделікті өмірде ЖИ сервистерімен жұмыс істеуді үйренеді. Сабақтарда өтілген материалды қайталауға және бекітуге ерекше назар аударылады. Курстың негізгі бағыты қатысушылардың алған білімдерін іс жүзінде қолдануын және цифрлық технологиялармен жұмыс істеудің сенімді дағдыларын дамыту болып табылады. | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|