Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы»
13.05.2026
13 мамырда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні қарсаңында Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қостанай жоғары автомобиль колледжінде педагог, ақын, жазушы, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі Александра Ильинична Сусловамен «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» атты тақырыптық кездесу өткізді.
Студенттермен кездесу барысында бірлік, келісім, отаншылдық секілді маңызды тақырыптар қозғалып, мемлекеттік рәміздерді елдің ұлттық бірегейлігінің ажырамас бөлігі ретінде құрметтеудің маңыздылығы айтылды. Александра Ильинична Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны тәуелсіздіктің, бейбітшілік пен халықтың бірлігінің нышандары болып табылатынын, Қазақстанның тарихын, мәдениеті мен рухани құндылықтарын бейнелейтінін атап өтті.
Іс-шара аясында қатысушыларға тақырыптық бейнеролик көрсетілді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне арналған кітап көрмесі ұсынылды. Кездесу жастардың бойында отансүйгіштік сезімін, ел тарихына және оның мемлекеттік құндылықтарына құрмет сезімін тәрбиелеуге ықпал етті.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus