Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Ұлы даланың дара ұстазы
11.02.2026
11 ақпан күні Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына арналған «Ұлы даланың дара ұстазы» атты әдеби-педагогикалық көрменің салтанатты ашылуы өтті.
Шара барысында ұлы ағартушының өмірі мен шығармашылық мұрасы кеңінен таныстырылып, оның қазақ даласында зайырлы білім беру ісін қалыптастырудағы тарихи рөлі ерекше атап өтілді.
Үш бөлімнен тұратын көрмеге облыстық кітапхана қорынан жүзден аса басылым қойылып, Ыбырайдың әдеби және педагогикалық еңбектері, ғылыми зерттеулер мен ғұмырнамалық материалдар ұсынылды.
Кеш аясында «Жұлдыз» домбыралы студиясы күй орындап, «Ақ қауырсын» әдеби клубының мүшелері Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесінен сахналық қойылым көрсетті. Сонымен қатар іс-шараның қонақтары болған ҚР Жазушылар одағының мүшесі Серікбай Оспанов, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі, ғалым-педагог Биялаш Сүйінкина, Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейі басшысының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Салтанат Өтелбаева, сондай-ақ Ыбырай Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының мұғалімі, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы Ағыбай Нұғыманов ұлы ұстаз мұрасының бүгінгі ұрпақ үшін маңыздылығына тоқталды.
Бұл көрме ұлы ағартушының рухани мұрасының бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтпағанын, қоғам үшін маңызын сақтап отырғанын және өскелең ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде айрықша рөл атқаратынын айқын көрсетеді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus