Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Өмірі өнермен өрілген» | 09.01.2026 | 9 қаңтарда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында композитор-әнші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі Қалибек Деріпсалдин еске алуға арналған «Өмірі өнермен өрілген» атты кеш өтті. Кеш барысында кәсіби әртістердің, шығармашылық ұжымдардың, оқушылар мен әріптестерінің орындауында композитордың вокалдық және аспаптық шығармалары шырқалды. Іс-шараға қатысушылар Қалибек Деріпсалдиннің өмірі мен шығармашылығы туралы естеліктерімен бөлісті, мұрағаттық фото және бейнематериалдар ұсынылды. Еске алу кешіне ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Бақытжан Сәуекенов, ақын, филология ғылымдарының кандидаты Серікбай Оспанов, теледерекші Гүлжібек Бекмұхамедова, Қостанай облыстық қазақ драма театрының актері, еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Қонысбек Бегайдаров қатысты. Іс-шара ұлттық музыка өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан жерлесіміздің шығармашылық мұрасын сақтауға және насихаттауға, сондай-ақ қала тұрғындарын оның өмірлік және кәсіби жолымен таныстыруға бағытталды. | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|