Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Денсаулық пен ұзақ өмір сүру жолы»
06.01.2026
6 қаңтардан бастап Әмбебап оқу залында ТМД елдеріндегі Денсаулықты қорғау жылына арналған «Денсаулық пен ұзақ өмір сүру жолы» тақырыптық көрме-қарауы жұмыс істей бастады. Көрме саламатты өмір салты мәдениетін арттыруға және халықты физикалық және психикалық саулықты сақтаудың маңызды аспектілері туралы хабардар етуге бағытталған.
Көрмеде өзекті тақырыптарды: денсаулықты сақтау және аурулардың алдын алуды, темекі шегу мен темекіге тәуелділіктің зиянын, АИТВ/ЖИТС-тің таралуы мен алдын алу мәселелерін, есірткі заттарын қолданудың салдарын және нашақорлықпен күресті, жақсы әдеттерді қалыптастыру, ұзақ өмір сүру және белсенді өмір салтын қозғайтын материалдар ұсынылған. Кітаптар, кітапшалар және ақпараттық материалдар келушілерге заманауи ғылыми тәсілдерге негізделген сенімді және пайдалы ақпарат алуға көмектеседі.
Көрме оқушыларға, студенттерге, педагогтарға, медицина қызметкерлеріне және саламатты өмір салтын ұстануға және өз болашағына қамқорлық жасауға ұмтылатындардың барлығына қызықты болады.
Жыл бойы жұмыс істейтін көрмені тамашалауға шақырамыз.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus