Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Экскурсия
30.10.2023
30 қазанда кітапханаға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының курсын тыңдаушылар келді. Қала және облыс мектептерінің кітапханашылары үшін кітапхана бөлімдері бойынша шолу экскурсиясы өткізілді. Қызметкерлер кітапхананың құрылымы, кітап қорын пайдалану ережелері, кітап көрмелері және кітапханаға түсіп жатқан жаңа әдебиеттер туралы айтып берді.
Тыңдаушыларды кітап қорларын толықтыру және есептен шығару, сондай-ақ кітапхананың әдістемелік жұмысы қызықтырды. Сирек кітаптар мұражайы мен Америка бұрышына барып, баспа жұмысымен танысты. Өткізілген іс-шаралар мен көрмелер тыңдаушылардың кітапханаға келуге деген қызығушылығы мен ниетін тудырды.
#Гидқазақстанға #ГидПоКазахстану
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus