Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Сәуір айының мерейгер жазушысы: Ярослав Гашек
28.04.2023

Ярослав Гашек – чех жазушысы, 1883 жылы 30 сәуірде Прагада дүниеге келген. Оны әлемге әйгілі еткен «Похождения бравого солдата Швейка» кітабы болды. Сатиралық романда ол ғасырдың маңызды мәселелерін көтеріп, оларды замандастары мен ұрпақтары жеңіл түсінетіндей етіп жаза білді.

Автордың жұмыстары «Национальная газетада» жариялана бастады. Олар кейіпкерлердің көрегендігімен, әзіл-оспағының және мысқылдарының молдығымен ерекшеленді. 1902 жылдың күзінде Ярослав Гашек «Славия» банкінің қызметкері болып орналасады. Жазушының жаны бостандықты талап етті, сондықтан болашақ автор кертартпалықтан  қашып, жұмыстан шықты. Ол 1903 жылы Балқанда революциялық қозғалыс басталған кезде Македония көтерілісшілеріне келіп қосылды.

1905 жылы Ярослав Гашек «Мир животных» журналы жанынан жұмыс істейтін әдеби үйірмеге қатысушылардың қатарына кірді. Оның басшысы болашақ журналистің немере ағасы және қоса атқару бойынша полиция қызметкері болып шықты. Ярославтың әзілдері мен мысқылдарын оқырмандар мен әріптестері тез бағалады. Тілшінің жазбалары басқа газеттер мен журналдарда да жариялана бастады.

1911 жылы «Шутник» және «Карикатуры» әзіл-сықақ басылымдарының беттерінде алғаш рет кейін жазушыға әлемдік даңқ әкелген кейіпкерлер пайда болды.  Жауынгер Швейк жайындағы бес әңгіме осы жерде жарық көрді. 1912 жылы Гашек «Бравый солдат Швейк и другие удивительные истории» атты әңгімелер жинағын шығарды.

Қазіргі кезде Ярослав Гашектің суреттері әдебиет оқулықтарында жарияланып, оның шығармалары бойынша фильмдер түсіріліп, автордың кітаптарынан алынған дәйексөздер жиі қолданылады. Бугульма мен Липницада жазушыны еске алуға арналған мұражайлар бар.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus