Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Сәуір айының мерейгер жазушысы: Ақан Нұрманов
28.04.2023

Нұрманов Ақан 1933 жылы Алматы облысы Ақсу ауылында дүниеге келген. 1957 жылы С. М. Киров ат. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. 1957–1964 жылдары Амангелді аудандық «Социалистік шаруа» газетінде, Қостанай облысының облыстық «Коммунизм таңы» газетінде, республикалық «Лениншіл жас» газетінде әдеби қызметкер болып жұмыс істеді.

1964–1968 жылдары – «Жұлдыз» журналының бөлім меңгерушісі. 1964 жылы ауыл тұрғындарының өмірі мен еңбек күндері, ауылдағы жастардың жұмысы туралы әңгімелейтін жазушының «Арайлы таң» атты повестерінің алғашқы жинағы жарық көрді. Бір жылдан кейін оқырмандар Ақан Нұрмановтың «Аққу жұлдызы» әңгімесімен танысты. Кітап шопандардың қиын өмірі, мейірімділік пен зұлымдық, адамдар арасындағы қарым-қатынас туралы баяндайды. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында Ақан Нұрмановтың бірқатар шығармалары «Простор» және «Жұлдыз» мерзімді басылымдарында жарияланды. Жазушының шығармашылығындағы ең ірі шығарма «Құланның ажалы» романы болды.

Ақан Нұрманов қайтыс болғаннан кейін қазақстандық оқырмандар арасында танымал болған бұл роман әр жылдары қайта басылып, орыс және басқа тілдерге аударылды.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus