Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Наурыз – бейбітшілік пен мейірімділік мерекесі»
15.03.2023

15 наурызда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК оқырмандар мен кітапхана қызметкерлері үшін «Наурыз – бейбітшілік пен мейірімділік мерекесі» атты танымдық квест өтті. Квестке алты команда қатысты.

Іс-шара келе жатқан Наурыз мейрамына арналды. Көктем мен жаңару мерекесінің қолданысқа енгеніне бес мың жылдан астам уақыт болды. Осы мерекемен байланысты көптеген дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар дүниеге келді. Квесттің көмегімен қатысушылар шығыстың жаңа жылын тойлаудың дәстүрлерімен танысуға және тақырыпқа қатысты білімдерін тереңдете түсуге мүмкіндік алды. Квесттің ашылуы дәстүрлі шашу рәсімінен басталды.

Өздеріңіз білетіндей, «квест» сөзі  «іздеу» дегенді білдіреді. Квесттің шарты бойынша командалар маршруттық парақтар алып, солармен көрсетілген пунктерге барып, түрлі тапсырмаларды орындады. Әрбір орындалған тапсырма үшін қатысушылар нысанның фотосуретінің бір бөлігін алып отырды, нәтижесінде олар нысанның суретін толық жинап шығуға тиіс болды.  

Қатысушылар пунктердің – станциялардың сұрақтарына ықыласпен жауап берді, жұмбақтар мен криптограммаларды шешті. Қорытынды тапсырма Қазақстан мен басқа да көшпелі түркі халықтары мәдениетінің тағы бір символы болып табылатын зат жасырылған сиқырлы қорап болды. Ал қорапқа адамзаттың қолынан шыққан үздік өнер туындыларының бірі киіз үй жасырылды.

Квест кезінде мейірімділік пен мерекелік ахуал болғанын айта кету керек. Барлық қатысушылар сұрақтарға көңілді және бірге жауап беріп, станциядан станцияға көшіп отырды.

Квестің жеңімпазы «Бәйшешек» командасы болды. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus