Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Алаш партиясы және тарих тағылымы»
17.01.2023

Құрметті оқырмандар! Абонементтер бөлімі назарларыңызға «Алаш партиясы және тарих тағылымы» кітап көрмесін ұсынады.

«Алаш» қозғалысының және бірінші саяси партияның пайда болуы қазақ халқының саяси қайраткерлерінің өз бетінше жұмыс істей алатынын және жоғары әлеуетін көрсетті. Олар Қазақстан тәуелсіздігінің жаршысы болды. 

Көрмеге «Алаш қозғалысы», «Алаш: исторический смысл демократического выбора», «Алаш жолы», «XXI ғасырдағы Алаштың ақ жолы», «Естелекті Алаш» кітаптары қойылған. Бұл басылымдар «Алаш» қозғалысының тарихын ашады, оның қазақтың ұлттық санасының өсіп-жетілуіне қосқан үлесін көрсетеді. К. Бегмановтың «Мұстафа Шоқай жолымен», Л. Ахметованың «Алихан Букейханов. Поиск ориентиров», «Асыл тұлға», Ж. Кыдаралинаның «Алимхан Ермеков: судьба и время» басылымдары қазақ зиялыларының – «Алаш» қозғалысы өкілдерінің тағдырын бейнелейді, олардың өмір жолы мен қызметін сипаттайды.

Өткен ғасырдың басында шыққан «Ақ жол» газетінің мақалаларынан тұратын «Ақ жол» көп томдық басылымы үлкен қызығушылық тудырады. Басылым қазақ жұрты үшін өзекті болып табылатын мәселелер бойынша «Алаш» зиялыларының ойларын қамтиды. Сондай-ақ көрмеде QR-кодтар ұсынылған, оларды сканерлеу арқылы «Алаш» қозғалысына арналған бейнематериалдармен танысуға болады.

Барлық тілек білдірушілері көрмемен танысуға шақырамыз!

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus