Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Шетел тілі: заманауи тәсіл»
10.01.2023

Құрметті оқырмандар! Тоқсан сайынғы көрмелер циклін жалғастыру  барысында Абонементтер бөлімінде «Шетел тілі: заманауи тәсіл» атты кітап көрмесі рәсімделді, онда назарларыңызға көптеген әлемдік тілдерге аударылған қазақстандық әдебиет классиктерінің кең ауқымды туындылары ұсынылады.

Қазақстанның белгілі жазушылары мен ақындарының кітап басылымдарының сапалы көркем аудармасының арқасында бүкіл әлемде қазақ әдебиетіне деген қызығушылық арта түсуде, бұл өз кезегінде әлем халықтарының мәдениеттері мен әдебиеттерін жақындастыруға қызмет етеді.

Көрмеде ұлы ағартушылар мен ойшылдар Әбу Насыр Әл-Фараби, Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаевтың іргелі еңбектерімен танысуға болады. БҰҰ-ның алты негізгі тілінде жарық көрген «Антология современной казахской прозы» және «Антология современной казахской поэзии» атты бірегей жинақтар ерекше қызығушылық тудырады. Антологиялардың әрқайсысына 60 қазақстандық автордың таңдаулы туындылары кірді. Олардың қатарында Шерхан Мұртаза, Әкім Тарази, Мұхтар Мағауин, Әбіш Кекілбаев, Олжас Сүлейменов, Мұхтар Шаханов, Фариза Оңғарсынова және ұлттық мәдениеттің дамуы мен қалыптасуына баға жетпес үлес қосқан басқа да танымал отандық жазушылар бар.

QR-кодтарды сканерлеудің көмегімен шет елдерде қазақтың мәдени мұрасын насихаттауға арналған электрондық мерзімді басылымдардың мақалаларын онлайн оқуды ұйымдастыруға болады.

2023 жылдың 09–30 қаңтары аралығында жұмыс істейтін көрмеге қатысуға шақырамыз.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus