Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Мәдениет адамы»
06.01.2023

Құрметті оқырмандар! Абонементтер бөлімі мәдениеттанушы, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезовтің 80 жылдығына арналған «Мәдениет адамы» кітап көрмесін келушілердің назарына ұсынады.

Көрмеге белгілі мәдениет, әдебиет және ғылым қайраткерлерінің, сондай-ақ Мұрат Мұхтарұлының жақын адамдары мен пікірлестерінің ойлары, әсерлері мен естеліктері жинақталған «Человек культуры» жинағы қойылған. Мұрат Әуезовтің кітабы «Времен связующая нить» үлкен қызығушылық тудырады. Ол ұлттық әдебиеттерді салыстырмалы түрде зерттеу және мәдени интеграция мәселелері бойынша ғылыми монографияларды, жеңілмейтін руханият пен жоғары адамгершілік туралы ойларды қамтиды. Автордың «Ділім» атты екінші кітабы – қазақ сөз өнерінде өткен заманның ұлы ойшылдары – Абай, Шәкәрім, Бұқар жырау ұстанған дәстүрді ұстану. Бұл тарихшы және ақынның, дипломат және арманшылдың алыс болашаққа көз жүгірткендегі сөздері.  

Көрмеде QR-кодтар ұсынылған, оларды сканерлеу арқылы Мұрат Мұхтарұлына арналған материалдармен және оның «Дневники. Уйти, чтобы вернуться» кітабымен танысуға болады. Онда өткен ғасырдың 70-ші жылдарындағы Қазақстандағы және әлемдегі оқиғаларды бейнелейтін жас жігіттің жеке жазбалары жарияланған. «Бұл кітап – менің жаным, онда «мен» сол жылдардамын, мүмкін, бұл менің өмірімдегі ең жақсы кезең шығар»,-деп атап өткен автор.

Екі ай бойы жұмыс істейтін көрмеге қатысуға шақырамыз.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus