Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Медиасауаттылықтан медиамәдениетке дейін»
28.12.2022

Қостанай облысының медиасауаттылық үйі 2022 жылдың 26 және 27 желтоқсанында Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында студенттерге, оқушыларға, оқытушыларға, кітапханашыларға және барлық тілек білдірушілерге арналған «Медиасауаттылықтан медиамәдениетке дейін» семинар-тренингін өткізді. Тәжірибелі медиатренерлер семинарға қатысушылармен медиа, ақпараттық, цифрлық сауаттылық бойынша білімдерімен бөлісті.

  Саясаттанушы, талдаушы, СПбМУ аспиранты (Санкт-Петербург қ.) Карпыков Танат жиналғандарды шынайы медианы бұрмалайтын жалған ақпараттың негізгі түрлерімен және әдістерімен таныстырды, бұқаралық ақпарат құралдарындағы дұшпандық әрекет пен насихатты ажыратуды үйретті. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы насихаттың әсері қазіргі кездегі жағдайда қалай жұмыс істейтінін көрсетті. Петропавл қ. келген медиатренер, М.Қозыбаев ат. Солтүстік Қазақстан университетінің журналистика кафедрасының меңгерушісі Шайкенова Айсулу мультимедиялық әңгіме дағдыларымен, ақпараттық гигиенамен және медиасауаттылықтың басқа да аспектілерімен таныстырды.  Медиатренер және Silamedia мультимедиялық тәжірибе зертханасының тәжірибелі ойын өткізушісі Анастасия Пахорукова желідегі троллинг тақырыбын тарқатып берді. Тролльдер көптеген бағыттар бойынша коммуникацияға айтарлықтай зиян келтіруі: талқылауды бұзуы, зиянды кеңес беруі немесе деструктивті идея таратуы, қоғамдағы өзара сенім сезімін бұзуы мүмкін. Өз кеңістігіндегі бұрмалаушылықтың жоғары деңгейі жағдайында троллингті ажыратуды игерген топтар нақты троллинг болып табылмайтын және мазмұны бойынша мүлдем қарапайым болып табылатын көптеген сұрақтарды троллинг ретінде бірден қабылдамай тастауы мүмкін. Сабақта қатысушылар ойындардың көмегімен тролльдердің арандатушылықтарын тануды және оларға қарсы тұруды үйренді.

Екі күн бойы қатысушылар белсенді түрде жаттықтырушылардың тапсырмаларын орындады, ойындарға қатысты, өз пікірлерін білдірді. Соңында барлық қатысушылар сертификаттар алды.

 

#Медиасауаттылық үйінің жобасы АҚШ-тың халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржылық қолдауымен Internews жүзеге асыратын Mediacamp Орталық Азия бағдарламасы аясында құрылды.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus