Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ұлы Даланың жаңа дәуірі»
12.12.2022

  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнін мерекелеу қарсаңында Абонементтер бөлімінің қызметкерлері «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының оқушылары үшін «Ұлы Даланың жаңа дәуірі» атты тарихи сағат өткізді.

Іс-шара барысында мемлекетіміздің қалыптасуының негізгі кезеңдері – тәуелсіздік алғаннан бастап бүгінгі күнге дейінгі кезеңі атап өтілді. Оқушылар Қазақстан жайындағы кітаптар бойынша жасалған қысқаша шолуды қызыға тыңдады, республика тәуелсіздігінің қалыптасуы туралы бейнероликтерді тамашалады.

Іс-шара соңында оқушылар Қазақстан тарихы бойынша дайындалған викторинаға қатысып, осы тақырып бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді және өздерінің тамаша білімдерін көрсетті. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus