Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ақселеу әлеміне саяхат»
09.12.2022

Абонементтер бөлімінде ғалым-этнограф, өнертанушы, әдебиетші, журналист, жазушы Ақселеу Сейдімбектің туғанына 80 жыл толуына орай «Ақселеу әлеміне саяхат» атты кітап көрмесі безендірілді. Ақселеу Сейдімбек бар өмірі мен шығармашылық жолын қазақтардың өткенін зерттеп, қазақ халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін, рухани әлемі мен қалыптасуын анықтауға арнады.

Көрменің көрнекті жеріне автордың өмірбаяны мен шығармашылық қызметін көрсететін С. Қирабаевтың «Әдебиетті қайта оқу», М. Кемелдің «Екі томдық шығармалар жинағы», С. Абдрахмановтың «Әдебиет әлемі», Ж. Аупбаевтың «Ғұмыр-дария», Қ. Сәрсенбайдың «Тұлға-тағдыр» секілді кітаптары қойылған.

Автордың «Қазақ әлемі – Мир казахов», «Қазақтың күй өнері», «Қазақтың ауызша тарихы», «Алаштың Ақселеуі», «Ұлттық идея» секілді ғылыми-көпшілік басылымдары, сондай-ақ «Аққыз», «Ойтолғақ» және т. б. көркем шығармалары оқырман үшін қызықты әрі танымды болып табылады.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus