Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ақ тура»
07.11.2022

6 қарашада Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК көру қабілеті шектеулі адамдар үшін үстел ойындары бойынша өткізілген «Ақ тура» сайысы аяқталды. Ол «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің 85 жылдығын мерекелеу аясында өтті. Сайысты «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ Қостанай облыстық филиалы Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінің белсенді қолдауымен өткізді.

Сайыстың бас төрешісі профессор, дойбыдан Қазақстан чемпионы Юрий Яковлевич Бондаренко болды. Қызықты және табанды сайыста «Дода» үстел ойындары клубының 11 қатысушысы жүлделі орындар үшін күресті.

Барлығы 9 дойбы партиясы ойналды. Нәтижесінде жүлделі орындар келесідей ретпен бөлінді: ерлер арасында 1-ші орын – П. Самойлов, 2-ші  орын – В.Тупицын, 3-ші орын – Ж. Есенжолов. Әйелдер арасында 1-ші орын – С. Ершова, 2-ші орын – Л.Тупицына, 3-ші орын – А. Дабылова.

Сайыс барлық ережелер бойынша және достық ахуалда өтті. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus