Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Адалдық алаңындағы бәйтерек»
20.10.2022

Қазақ әдебиеті – көптеген көрнекті жазушылар мен ақындарды біріктіретін орта. Солардың бірі – Төлен Әбдік. Оның шығармалары, философиялық ойлары, психологиялық жағдайлары, өзекті сұрақтары мен жазу стилінің ерекшеліктері оқырмандардың жүрегінен өз орнын тапты. 19 қазанда Қазақ әдебиеті апталығы аясында  І. Омаров ат. облыстық қазақ драма театрында қазақ жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Төлен Әбдіктің 80 жылдығына арналған «Адалдық алаңындағы бәйтерек» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Ол 10-нан астам әңгіменің, 1 романның, 2 пьесаның авторы. Жазушының алғашқы шығармаларының бірі «Райхан» 1964 жылы жарық көрген қазақ жазушыларының «Таңғы шық» жинағына еніп, жазушыны жеңіске жетеледі. Осы шығармадан кейін Төлен Әбдік танымал бола бастады. Оқырмандар назарына «Күзгі жапырақ», «Ақиқат», «Айтылмаған ақиқат» және «Истина» секілді повестер мен әңгімелер жинағы ұсынылды. 2002 жылы жазылған «Парасат майданы» повесі Қазақстанның ПЕН клубы сыйлығын және Франц Кафка ат. халықаралық сыйлықты жеңіп алды.1977 жылы грек аңыздары жинақталған «Эллада ерлері» атты аударма кітабы басылып шықты. Соңғы жылдары «Ардагер» пьесасын және «Тұғыр мен ғұмыр» повесін жариялады. «Ардагер» спектаклі ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған драмалық шығармалар байқауының бас жүлдесін жеңіп алды.Республикалық театрлардың сахналарында сондай-ақ Т.Әбдіктің «Нас было трое» пьесасы да қойылып келеді. Бұл жұмыстардың барлығы көрмеде ұсынылған.

Кітап көрмесіне Төлен Әбдіктің өмірі мен шығармашылық қызметін көрсететін материалдар: энциклопедиялар, өмірбаяндық анықтамалықтар, республикалық газеттер мен журналдардан алынған мақалалар қойылған.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus