Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қазақтан шыққан тұңғыш дипломат»
03.10.2022

Абонементтер бөлімінде мемлекет және саяси қайраткер, дипломат, саясаткер, КСРО-ның Сауд Арабиясы Корольдігіндегі уәкілетті өкілі, көсемсөзші, филолог Нәзір Төреқұловтың туғанына 130 жыл толуына арналған «Қазақтан шыққан тұңғыш дипломат» атты кітап көрмесі қойылды.

Нәзір Төреқұлов өз өмірін туған еліне қызмет етуге арнады. Халықаралық саясат, дипломатия, мәдениет, филология және қоғамдық өмірдің басқа да салаларында энциклопедиялық білімі бар ол тез арада осы салалардың танымал сарапшысына айналды. Нәзір Төреқұлов қазақ халқының ойлары мен тілектерін жұртқа жеткізуші, оның көзқарасының жаршысы және ар-ожданы болды.

Көрмеге Нәзір Төреқұловтың 4 томдық басылымы – материалдар, құжаттар, мақалалар, зерттеулер, баяндамалар, сөйлеген сөздері қойылды. Сондай-ақ көрмеден Т. Мансуровтың «Нәзір Төреқұлов» және «Нәзір Төреқұлов – Кеңес Одағының Сауд Арабиясындағы елшісі», В. Бадиковтың «Новые ветры», Б. Амреевтің «Казахстан и Саудовская Аравия» кітаптарын және т.б. басылымдарды көруге болады.

2022 жылдың 03.10–24.10 аралығында көрмеге қатысуға шақырамыз.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus