Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қазақ ғылымы мен мәдениетінің жарық жұлдызы»
01.09.2022

«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінің Рудный қ. филиалы пайдаланушылардың назарына мемлекет қайраткері және ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығына арналған «Қазақ ғылымы мен мәдениетінің жарық жұлдызы» безендірілмелі кітап көрмесін ұсынды.

Көрме «Ұлт ұстазының ұлы жолы» және «Қазақ зиялыларының көсемі» атты екі бөлімнен тұрады. Ахмет Байтұрсынұлының көп қырлы таланты оған поэзияда, көркемсөзде, ғылымда және мәдениеттің басқа да салаларында өз күшін сынап көруге мүмкіндік берді. Ол ғалым, көптеген оқулықтардың құрастырушысы, аудармашы, этнограф болып табылады. Оның барлық еңбектері көрмеге қойылған «Алты томдық шығармалар жинағы» атты көп томдықта жинақталған.

Тағдырдың жазуымен Ахмет Байтұрсынұлы өмірінің соңына дейін саяси қызметпен айналысты. Белгілі жерлесіміздің өмірінің осы жағы туралы «Алаш қозғалысы: Алаш қозғалысына, партиясына, Алашорда үкіметіне арналған өлеңдер» атты кітаптан, С.Қозыбаевтың «Мысль» журналының 2013 жылғы № 3 санында жарияланған «Бадрисафа» атты мақаласынан және көрмеде ұсынылған басқа да жарияланымдардан біле аласыздар.

Көрме 2022 ж. 1–16 қыркүйегі аралығында жұмыс істейтін болады. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus