Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қостанай облысы журналистерінің, бұқаралық ақпарат құралдары қайраткерлерінің қолтаңбалары, кітапты сыйға тартқандары туралы жазулары бар кітаптар коллекциясы»
18.08.2022

Құрметті оқырмандар! Сирек кітаптар мұражайы «Қостанай облысы журналистерінің, бұқаралық ақпарат құралдары қайраткерлерінің қолтаңбалары, кітапты сыйға тартқандары туралы жазулары бар кітаптар коллекциясы» атты аңдатпалы әдебиеттер көрсеткішін дайындады. Бұл коллекциядағы бірегей басылымдар авторлар біздің кітапханаға әр жылдары келген кезде сыйға тартылған болатын. Олардың ішінде Қайсар Әлім, Оразалы Жақсанов, Ақылбек Шаяхмет, Анатолий Тарасенко, Людмила Фефелова, Анатолий Ермолович сынды журналистиканың атақты майталмандары бар. Автордың өзі кітапты қолында ұстағаны, оған қолтаңбасы мен сыйға тартқаны туралы жазу қалдырғаны оны құнды, өзіндік ерекше дүниеге айналдырады. Автордың өз қолымен жазылған жазудың арқасында кітап әдеби-тарихи, мәдени құндылыққа ие болады, бұл оған ерекше сипат береді, мұндай кітап басқаларға ұқсамайтын басылымға айналады. Сондай-ақ қолтаңбалары бар басылымдар сыйға тартушылардың өмірбаянына бұрын белгісіз болған деректерді қосады, бір кездері болған оқиғаны сол қалпында оқырманға жеткізеді.

Көрсеткіштегі материал қазақ және орыс тілдерінде ұсынылған. Библиографиялық көрсеткіш журналистерге, филологтар мен кітапханашыларға, студенттер мен қалың оқырман қауымға арналған.

Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://drive.google.com/file/d/1k8euAT8_XI8jy4fbWEZIxNgTSFfwCSe-/view

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus