Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Тарихы терең басылым – ғасыр белесінде!»
29.06.2022

28 маусым күні І. Омаров ат. Қостанай облыстық қазақ драма театрында Өлкетану әдебиеттері бөлімі облыстық «Қостанай таңы» газетінің бірінші санының жарыққа шыққанына 100 жыл толуына арналған «Тарихы терең басылым – ғасыр белесінде!» атты безендірілмелі кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрмеге «Қостанай таңы» газетінің тарихы бойынша бірегей материалдар, 1944 жылдан 2022 жылға дейінгі нөмірлердің жеке тігінділері, сондай-ақ газет бастауында тұрған Б. Майлинның, М. Сералиннің және басқа да мәдениет қайраткерлерінің кітаптары қойылған. Көрменің үлкен бөлімін белгілі журналист және жазушы С. Меңдібаевтың жеке кітапханасынан шыққан басылымдар құрайды, олардың көбі авторлардың – белгілі қазақ жазушылары мен журналистерінің сыйға тартқаны туралы жазуы бар басылымдар. Газеттің бүгінгі күніне арналған бөлімі де ерекше назар аударуға тұрарлық: онда оқырмандар қазіргі таңда «Қостанай таңы» редакциясында жұмыс істеп жүрген авторлардың өмірбаяндық мәліметтері мен туындыларын таба алады.

Көрме біздің облысымыздағы жетекші баспа басылымының дамуы, оның өткені, бүгіні және болашағы, оның бұқаралық ақпарат құралы ретінде ғана емес, сонымен қатар аймақтың мәдени өміріндегі айтарлықтай оқиға екендігі туралы жан-жақты ақпарат береді.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus