Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Үш кітап»
01.06.2022

1 маусымда Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК қонақжайында Қазақстанда жарияланған Балалар жылы аясында А. И. Суслованың «Два Даньки, Буран и скрипка», «Хороводы природы» және «Я в этом мире новенький» кітаптарының тұсаукесері өтті. Александра Ильинична 40 жыл оқытушы болып жұмыс істеді, ол Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының Педагогика ғылымдары академиясының құрметті мүшесі. Ол сондай-ақ қоғамдық жұмысқа да көп көңіл бөледі. Алайда Александра Ильиничнаның атын шығарған оның ақындық және жазушылық таланты болды.

Александра Ильиничнаны Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК басшысы Дариға Төребайқызы Дүйсебаева құттықтады. Александра Ильинична әр кітап туралы тартымды және қызықты айтып берді. Тұсаукесерге қатысқан кітаптардың безендірушісі Н.С. Олексюк суреттің қалай пайда болатынын көрсетті, ол жиналғандармен бірге А. И. Суслованың өлеңдерінің бірін суретпен безендірді.

Осы тұсаукесерде ұсынылған жаңа басылымдар барлық қатысушылардың – кішкентай оқырмандардың да, мұғалімдердің де, кітапханашылардың да, әріптестерінің де шынайы қызығушылығын тудырды. Балалар «Я в этом мире новенький» жинағындағы өлеңді жаттап үлгеріп, оны жатқа оқып берді. Ал біреуі тіпті өзінің өлең жазатынын жеткізді және кеңес алу үшін Александра Ильиничнаға жүгінді.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus