Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Детство – лучшая планета!»
01.06.2022

1 маусым күні Қазақ соқырлар қоғамында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Детство – лучшая планета!» атты мерекелік бағдарлама өтті. Бұл күннің ең маңызды мерекелердің бірі болып табылатыны сөзсіз.

2022 жыл Қазақстан Республикасында Балалар жылы деп жарияланды. Қазақ соқырлар қоғамының бастауыш ұйымының ауласында өткен мерекеге көзі нашар көретін мүгедек балалар мен нашар көретін балалар келді. Балалар мерекесінің ұйымдастырушылары Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінің қызметкерлері және Х. С. Исмуратов төрағалық ететін ҚСҚ қызметкерлері болды. Балалар жұмбақтарды қызығушылықпен шешіп, есту қабілетін дамытуға арналған «Чем играем?» және сезуді дамытуға арналған «Узнай фигуру»,«На ощупь» ойындарына қатысты, «Передай мяч поверху», «Паук», «Солнышко и лучики» секілді байқаулардың түрлі тапсырмаларын өте білді.

Мереке ұжымдық суретке түсумен, алғыс айтумен және балалардың бақытты күлкісімен аяқталды.

Балаларды қорғау күні бұл жай ғана ойын-сауық мерекесі емес, бұл әрбір ересек адамның ең қорғансыз жаратылыстың – балалардың маңыздылығы мен оларды қолдаудың қажеттігі туралы ойлануына себепші болуы тиіс.  

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus