Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Шетелдік калейдоскоп
23.05.2022

Құрметті оқырмандар! Абонементтер бөлімінде «Шетел тілі: үйренеміз, оқимыз» көрмелер циклінің жалғасы ретінде «Шетелдік калейдоскоп» атты кезекті кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Шетел тілдерін үйрену қазіргі кездегі адам өмірінің маңызды қажеттіліктерінің бірі болып табылады. Кем дегенде бір шетел тілін білу адамға басқа елдің мәдениеті мен дәстүрлерін білуге мүмкіндік береді, сол тілдегі сөздік қорын байытуға, есте сақтау және ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді.

Көрмеде ұсынылған бірегей авторлық әдістеме бойынша құрастырылған оқу құралдарының көмегімен кез келген басқа тілде оқуды, жазуды және сөйлеуді тез, оңай және өз бетінше үйренуге болады. Грамматикалық анықтамалықпен және тілдескішпен, тақырыптық мәтіндермен және қысқаша сөздікпен толықтырылған бұл оқулықтар қысқа мерзімде грамматика бойынша негізгі білімді және ауызекі сөйлеудің қарапайым түрлерін игеруге көмектеседі.

Ұсынылған басылымдар көпшілік оқырманға арналған, ол шетел тілін үйренуді енді бастағандар үшін де, білімін жетілдірушілер үшін де пайдалы.

Барлығыңызды ағымдағы ай бойы жұмыс істейтін кітап көрмесін көруге шақырамыз.



Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus